Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы анықталды

Жарияланған күні:

Александр Хижняк
Александр Хижняк. Фото: MOHD RASFAN/AFP via Getty Images

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) Париждегі Олимпиада ойындарының финалындағы қарсыласы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Нұрбек Оралбай алтын медаль үшін таласта украиналық боксшы Александр Хижнякпен жұдырықтасады. Ол жартылай финалда кубалық Арлен Лопесті ұтты. Финалдық бәсеке 7 тамыз Астана уақытымен 01:51-де басталады.

Айта кетейік, Нұрбек бокстан қазіргі әлем чемпионы. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде топ жарған. Ал финалдағы қарсыласы Александр Хижняк Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына жолдама алғаннан кейін сұхбат беріп, қазақ еліне алғыс айтты.

Қазақ еліне үлкен рақмет айтамын. Аллаға шүкір, мұнымен тоқтамаймыз. Ағайларымыздың айтуымен, тактикасымен бәрі ойдағыдай өтті. Қарсыласымды білесіздер, осал емес. Бірінші жекпе-жегінде қазақ бауырымыз Тоқтарбекті ұтты. Маған жанкүйер болған қазақ еліне алғысымды білдіремін, мұнымен босамаймыз. Рақмет", - деді жекпе-жегінен кейін отандық боксшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2144385-nurbek-oralbaidyng-finaldagy-qarsylasy-anyqtaldy/