Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада-2024: боксшы Нұрбек Оралбай ел қоржынына күміс жүлде салды

Жарияланған күні:

Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай. Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Нұрбек Оралбай финалда Украина спортшысы Александр Хижнякпен жұдырықтасып, Олимпиада алтынын сарапқа салды. 80 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліс тауып, күміс жүлде иеленді.

Бұл – Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен жетінші медаль. Қазір еншімізде 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

Нұрбек Оралбай Олимпиаданың 1/8 финалында аустралиялық Каллум Питерсті, ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахвердиевті, жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналесті жеңген еді.

Қазақстан ерлер құрамасының өзге алты боксшысы жүлде иелене алмады. Айбек Оралбай (92 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) және Cәкен Бибосынов (51 кг) жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Ал әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 кг) жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2146024-olimpiada-2024-boksshy-nurbek-oralbai-el-qorzhynyna-ushinshi-kumis-zhuldeni-saldy/