jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Иван Дычко рингке қайта оралады: қарсыласы мен жекпе-жегінің уақыты белгілі

    Иван Дычко
    Иван Дычко. Фото: YURI CORTEZ/AFP via Getty Images

    Аса ауыр салмақта жұдырықтасатаны қазақстандық боксшы Иван Дычко (13-0, 12 КО) ұзақ үзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралмақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Boxrec.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, кәсіпқой бокста осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Иван Дычко келесі жекпе-жегін 21 тамызда Плант-Сити қаласында (Флорида штаты, АҚШ) ProBox шоуы аясында өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Крейг Льюис (15-7-1, 8 КО) болмақ. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған.

    Иван Дычко бұған дейін 2023 жылдың маусым айында жекпе-жек өткізген. Иван Дычко аргентиналық боксшы Ариэль Эстебан Бракамонтені (13-11-7 КО) нокаутқа түсіріп, аса ауыр салмақтағы WBA Fedecaribe атағын жеңіп алған болатын. Сонымен қатар Иван Дычко АҚШ-та 2019 жылдың шілдесінен бері кездесу өткізбеген.

    Айта кетейік, кеше, 7 тамызда қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 80 кг салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

    Иван Дычко рингке қайта оралады: қарсыласы мен жекпе-жегінің уақыты белгілі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.