jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Жекпе-жек тең дәрежеде болғанын сездім": украиналық боксшы Нұрбек Оралбаймен кездесуі туралы айтты

    Нұрбек Оралбай және Александр Хижняк
    Нұрбек Оралбай және Александр Хижняк. Фото: Photo by Xavier Laine/Getty Images

    Украиналық боксшы Александр Хижняк Париж Олимпиадасының финалында қазақстандық спортшы Нұрбек Оралбаймен болған жекпе-жегі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Нұрбек Оралбай мен Александр Хижняк 80 кг салмақ дәрежесіндегі бокс додасының финалында жұдырықтасқан еді. Бұл жекпе-жекте украиналық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал Нұрбек Оралбай күміс жүлде еншіледі.

    Александр Хижняк Тribuna.com сайтына берген сұқбатында финалдық кездесу туралы пікірін айтты.

    "Мен шаршы алаңның бұрышына келіп отырғанымда бас бапкердің не айтқанын естідім. Әкем одан бірінші раундтан кейін есеп қанша болғанын сұрады. Бапкер 3:2 есебімен қазақтың пайдасына шешілгенін айтты. Ал екінші раунд 3:2 есебімен менің еншіме жазылғанын естідім. Әрине мен жекпе-жек тең дәрежеде болғанын сездім. Тек соңғы раундтан кейін жеңгенімді түсіндім", - деді Хижняк.

    Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасының өзге алты боксшысы жүлде иелене алмады. Айбек Оралбай (92 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) және Cәкен Бибосынов (51 кг) жарыс жолынан шығып қалған болатын. Ал әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 кг) жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

    "Жекпе-жек тең дәрежеде болғанын сездім": украиналық боксшы Нұрбек Оралбаймен кездесуі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.