Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баходир Жалолов Париж Олимпиадасында тарихи рекорд орнатты

Жарияланған күні:

Баходир Жалолов
Өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов. Фото: Richard Pelham/Getty Images

Өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында ерекше жетістікке қол жеткізді. Ол аса ауыр салмақта екі мәрте Олимп шыңын бағындырған алғашқы боксшы атанды, деп KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов Париж Олимпиадасында 92 кг жоғары салмақта чемпион атанды.
  • Жалолов аса ауыр салмақта екі мәрте Олимп шыңын бағындырған алғашқы боксшы болды (2021 жылы Токиода және 2024 жылы Парижде).
  • Өзбекстан құрамасы Париж Олимпиадасында бокстан 5 алтын медаль жеңіп алды.

Баходир Жалолов Париж Олимпиадасы аясында өткен бокс бәсекесінде 92 кг жоғары салмақта чемпион атанды. Сондай-ақ ол 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп, топ жарған болатын.

Аса ауыр салмақ дәрежесі Олимпиада ойындарына 1984 жылы енгізілген еді. Содан бері бұл салмақта келесідей боксшылар чемпион атанған:

  • Лос-Анджелес-1984 – Тайрелл Биггс (АҚШ);
  • Сеул-1988 – Леннокс Льюис (Канада);
  • Барселона-1992 – Роберто Баладо (Куба);
  • Атланта-1996 – Владимир Кличко (Украина);
  • Сидней-2000 – Одли Харрисон (Ұлыбритания);
  • Афина-2004 – Александр Поветкин (Ресей);
  • Бейжің-2008 – Роберто Каммарелле (Италия);
  • Лондон-2012 – Энтони Джошуа (Ұлыбритания);
  • Рио-де-Жанейро-2016 –Тони Йока (Франция);
  • Токио-2021 – Баходир Жалолов (Өзбекстан);
  • Париж-2024 – Баходир Жалолов (Өзбекстан).

Жоғарыда аталған боксшылардың ішінен Баходир Жалоловтан басқасы Олимп шыңын екі мәрте бағындыра алмаған.

Айта кету керек, бокстан Өзбекстан құрамасы Париж Олимпиадасында 5 алтын медаль жеңіп алған еді. Атап айтқанда, Хасанбой Дусматов (51 кг), Абдумалик Халоков (57 кг), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71 кг), Лазизбек Муллажонов (92 кг) және Баходир Джалолов (92+ кг) Олимпиада чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2148871-bahodir-zhalolov-parizh-olimpiadasynda-tarihi-rekord-ornatty/