Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талай жыл не үшін айлық алғанын түсінбеймін": Тұрсынғали Еділов бұрынғы бапкерлік құрам туралы айтты

Жарияланған күні:

Фото
Тұрсынғали Еділов. Фото: Азаттық рухы

Жақында ғана Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалған Тұрсынғали Еділов бас бапкерге қойылған басты талап туралы және бұрынғы жаттықтырушылық құрам жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бірінші бол сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов бас бапкер Қайрат Сәтжановқа қойылған жеке шәкірті болмау талабын қолдайды.
  • Еділовтың айтуынша, бапкерлер спортшыларды олардың шынайы мүмкіндіктеріне қарап іріктеуі керек, ал жеке шәкірті болса бұл әділ шешім қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін.
  • Ол бұрынғы бапкерлер құрамының қызметінің тиімділігіне күмән келтіріп, "талай жыл не үшін айлық алып жүргенін түсінбеймін" деп мәлімдеді.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжановқа жеке шәкіртінің болмауы туралы талап қойылған. Осы орайда Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов бас бапкердің жеке шәкіртінің болмауы нәтижеге жеткізетінін айтты.

"Құрамада шәкірті бар бас бапкердің көңілі алаңдаулы болады, ол өз шәкіртіне қарай ма, құрамаға қарай ма? Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Бапкер спортшыны оның шынайы мүмкіндігіне қарап іріктеуі керек, одан мықтысы шықса, орынды соған беруі қажет. Ал шәкірті жанында жүрсе, қалай да бір бүйрегі соған бұрып тұрады.

Қытайда екі кубалық бапкер жүр, көрген шығарсыздар?! Баяғыда мен бас бапкер кезден білеміз, жақсы доспыз. Былай қарасаң, үш-төрт қызды чемпион қылып шығарды. Себебі олардың жеке шәкірті жоқ, ешкімнің мүддесін қорғамайды, олар тек нәтижеге жұмыс істейді, сыйақыны да соған байланысты алады.

Өткенде біздегі Айтжанов бастаған он бапкер қызметтен кетті. Шынымды айтсам, талай жыл не үшін айлық алып жүргенін түсінбеймін. Олар әділ шешімімен өзгелерге үлгі болуы қажет еді", - деді Тұрсынғали Еділов.

Айта кетейік, 14 тамызда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын.

16 тамызда Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2151039-talai-zhyl-ne-ushin-ailyq-alganyn-tusinbeimin-tursyngali-edilov-buryngy-bapkerlik-quram-turaly-aitty/