jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Төрешілер бұрмалаған сәттер болды": грек-рим күресінен құраманың аға бапкері әлем чемпионатын қорытындылады

    Алмат Кебіспаев пен Еркебұлан Анапия
    Алмат Кебіспаев пен Еркебұлан Анапия. Фото: instagram.com / kebispayev67

    Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының аға бапкері Алмат Кебіспаев Иорданияда өткен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсеткен балуандарымыз жайлы және ұлттық құрамадағы мәселелер жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Команда төмен деңгейде күресті деп айта алмаймын. Құрамадағы он балуанның тең жартысы жартылай финалға дейін жетті. Оның ішінде екі спортшы финалға шығып, қола үшін күрескендер де болды. Балуандарымыз жақсы формада, дегенмен ақтық белдесуге шығып тұрып жеңілгені өкінішті, әрине. Финалдағы қарсыластар да осал болмады, төрешілердің де бұрмалаған сәттері болды.

    Осы жас дәрежесімен жұмыс істеп жүргеніме үш жыл болды. Командаға дәрігер, массажист сынды мамандар жетіспейді. Ересектерден кем емес, күніне екі уақыт жаттығу жасайды, бірақ жүктемелерден кейінгі қалыпқа келу лайықты түрде жасалмайды. Дегенмен, біздің жігіттердің әлем чемпионы атануға толық күш-жігері жетіп тұрған еді", - деді Алмат Кебіспаев.

    Айта кетейік, Иорданияның Амман қаласында өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Алпамыс Болатұлы мен 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Анапия күміс жүлдеге қол жеткізді.

    "Төрешілер бұрмалаған сәттер болды": грек-рим күресінен құраманың аға бапкері әлем чемпионатын қорытындылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.