Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"57 кг салмақ дәрежесіне бейімделмеген": Маратбек Мықтыбеков Махмұд Сабырханның Олимпиадада неге жеңілгенін айтты

Жарияланған күні:

Махмұд Сабырхан мен Хосе
Махмұд Сабырхан мен қарсыласы Хосе. Фото: MOHD RASFAN/AFP via Getty Images

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков боксшы Махмұд Сабырханның Париж Олимпиадасында жеңіліп қалуының себебін түсіндірді. Бұл туралы Мықтыбеков өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Махмұд Сабырхан Олимпиадаға аз уақыт қалған кезде 57 кг cалмаққа ауысқанын білесіздер. Бірақ соның өзінде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген спортшы болғандықтан, әрине біз одан үміт күтеміз. Бірақ Олимпиаданың шаршы алаңында Сабырханның 57 кг салмаққа әлі толық бейімделмегені көрінді.

Өйткені оның қарсыластары 65-62 кг салмақтан 57 кг салмаққа түскені байқалды. Салыстырып қараған кезде Махмұдтан олардың дене бітімі үлкен болып көрінді", - деді Маратбек Мықтыбеков.

Еске салайық, Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде испаниялық Хосе Кильеспен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Қазақстандық боксшы бұған дейін Ташкенттегі әлем чемпионатында 54 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Кейін ол Олимпиадаға қатысу үшін 57 кг салмаққа ауысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2153316-57-kg-salmaq-darezhesine-beiimdelmegen-maratbek-myqtybekov-mahmud-sabyrhannyng-olimpiadada-nege-zhengilgenin-aitty/