Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Данияр, мен сені нокаутқа түсіремін": қазақстандық боксшының қарсыласы тосын мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) қарсыласы филлипиндік Джо Нойнай (23-4-2, 11 КО) қазақстандық былғары қолғап шеберіне қарсы үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің қарсыласы филиппиндік Джо Нойнай 28 қыркүйекте Алматыда өтетін титулдық жекпе-жек алдында үндеу жасады.
  • Джо Нойнай "Данияр, мен сені нокаутқа түсіру үшін Маниладан ұшып келемін" деп мәлімдеді.
  • Жекпе-жек All Stars Boxing кешінде "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді.

28 қыркүйек Алматыда All Stars Boxing кешінде қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен филиппиндік Джо Нойнай арасында титулдық жекпе-жек өтеді.

Кездесуге дайындалып жатқан Джо Нойнай Алматыдағы айқас алдында Данияр Елеусіновке үндеу жасады.

"Данияр, мен сені нокаутқа түсіру үшін Маниладан ұшып келемін", - деп мәлімдеді боксшы.

Данияр Елеусінов соңғы рет 2023 жылдың 15 желтоқсанында Астанада өткен "ІВА Чемпиондар түні" турнирінде рингке шыққан болатын. Бұл кездесуде Оңтүстік Африка боксшысы Джабулани Макхенсені (14-2, 7 КО) төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген еді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2154897-daniiar-men-seni-nokautqa-tusiremin-qazaqstandyq-boksshynyng-qarsylasy-tosyn-malimdeme-zhasady/