jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC-де жұдырықтасқан қазақстандық жауынгерлер мансабын кәсіпқой бокста жалғастырады

    Дамир Исмагулов
    Дамир Исмагулов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

    UFC промоушенінде өнер көрсеткен қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов пен Жалғас Жұмағұлов бокста бақ сынап көруге келісті. Бұл туралы промоутер Зия Әлиев Vesti.kz сайтына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Зия Әлиев – 28 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешін ұйымдастырушы. Бұл кеште қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде IBO және WBA Gold белдеуі үшін жұдырықтасады.

    Ал бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) пен филлипиндік Джо Нойнай (23-4-2, 11 КО) жұдырықтасады. Олар WBC белбеуін сарапқа салмақ. Сондай-ақ қазақстандық файтер Қуат Хамитов алғаш рет бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шығып, отандасы Нұрберген Шәріповпен WBC-дің арнайы белбеуіне таласады.

    "Біз Дамирге қыркүйек айында бокс кешіне қатысуды ұсындық. Алайда оның Alash Pride FC-мен алдын ала келісіміне байланысты ештеңе нақты болған жоқ. Олар аралас жекпе-жек кешін кейінге қалдырып, 21 қыркүйекті таңдады. Жауынгерді қалпына келтіру үшін белгілі бір уақыт қажет екенін білесіз. Ережеге сәйкес, бокс жекпе-жектері арасында белгілі бір алшақтық болуы керек. Сондықтан біз Исмағұловты шақыра алмадық. Алайда ол желтоқсан немесе наурызда басқа бокс кешіне қатысады.

    Біз Жалғас Жұмағұловпен де келістік. Ол келесі турнирге қатысады. Біз оларды ММА-ның басқа да танымал жауынгерлерімен жекпе-жекке шығаруды жоспарлап отырмыз", - деді Әлиев.

    Айта кетейік, UFC-дің бұрынғы жауынгері Дамир Исмағұлов 21 қыркүйекте Ақтөбеде Alash Pride FC турнирінде Адриано Мартинспен жекпе-жекке шығады.

    UFC-де жұдырықтасқан қазақстандық жауынгерлер мансабын кәсіпқой бокста жалғастырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.