Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын британиялық кәсіпқой боксшы Энтони Джошуа (28-4, 25 КО) отандасы Дэниел Дюбуадан (22-3, 20 КО) жеңіліс тапқаннан кейін алдағы жоспарлары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
22 қыркүйекте британиялық кәсіпқой боксшы Дэниел Дюбуа отандасы Энтони Джошуаны нокаутқа түсіріп, IBF тұжырымы бойынша аса ауыр салмақта (90,7 кг салмақтан жоғары) әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
Энтони Джошуа Instagram желісіндегі ресми парақшасында кәсіпқой мансабын жалғастыратыны туралы мәлімдеме жасады.
"Біз тапсырманы орындай алмағанымызды білеміз, бірақ әр нәрсенің жақсы жағы да бар екенін ескеру керек. Бізде тек осындай оң көзқарас болуы керек. Әрқашан. 11 жылда біз қандай жетістіктерге жеткенімізді қараңыз. Бұл керемет және менімен бірге болған барлық жанға алғысымды айтқым келеді.
Бұл қызық сапар болды. Бірақ білесіз бе? Менің сапарым әлі аяқталмады. Алғашқы және екінші жеңілісімнен кейін де рингке оралғанмын. Мұны үшінші рет жасау оңай болмайды, бірақ мен мұны істей алатыныма сенемін. Ерінбей еңбек етіп, дәлелдеуіміз керек. Біз бірге көп жетістікке жетеміз", - деді Энтони Джошуа.
Айта кетейік, Дэниел Дюбуа мансабында 22-жеңісіне қол жеткізсе, Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы 4-жеңілісіне ұшырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2165359-tituldy-zhekpe-zhekte-nokautpen-zhengilgen-entoni-dzhoshua-mansabyna-qatysty-malimdeme-zhasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.