Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшылар салмақ ауыстырғаны дұрыс па: Олимпиада чемпионы жауап берді

Жарияланған күні:

Махмұд Сабырхан мен Хосе
Махмұд Сабырхан мен қарсыласы Хосе. Фото: MOHD RASFAN/AFP via Getty Images

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев кейбір қазақстандық боксшылардың салмақ дәрежесін ауыстыруына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Париж Олимпиадасында 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан бақ сынады. Жақында бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Азия чемпионаты қарсаңында кейбір қазақстандық боксшылар салмақ ауыстыратынын айтқан болатын.

"Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесінде салмақ дәрежелері әртүрлі. Мысалы Олимпиадаға бару үшін Махмұд Сабырхан салмақ дәрежесін көтеруге мәжбүр болды. Бұл оның негізгі салмақ дәрежесі емес екенін байқалды. Дегенмен алтын медаль алуға оның шеберлігі жететін еді.

Мен Нұрбек пен Айбек Оралбай салмақ дәрежесін көтергісі келетіні туралы естідім. Айбек Оралбай 92 кг салмақтан жоғары, ал Нұрбек Оралбай 92 кг дейінгі салмаққа ауысатыны туралы ақпарат тарады. Көрейік. Егер жігіттер өсіп, жағдай талап етсе, міндетті түрде көшу керек. Егер олар жаңа салмақта өздерін жайсыз сезінетін болса, оларға қиын болары сөзсіз. Олар салмақтарын түсіруге мәжбүр болады, қатты қиындық көреді", - деді Серік Сәпиев YouTube желісіндегі Baige News арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Серік Сапиев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесінің болашағы жөнінде пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2165406-qazaqstandyq-boksshylar-salmaq-auystyrgany-durys-pa-olimpiada-chempiony-zhauap-berdi/