jitsu gif
Спорт

    Данияр Елеусінов Алматыдағы бокс кешінде жеңіске жетті

    Боксшы Данияр Елеусінов
    Боксшы Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

    Алматыдағы бокс кешінде қазақстандық Данияр Елеусінов пен филиппиндік Джо Нойнай жекпе-жек өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) 28 қыркүйекте Алматыда All Stars Boxing кешінде филиппиндік Джо Нойнайға (23-4-2, қарсы 11 КО) кездесу өткізді.

    10 раундқа жоспарланған аталмыш кездесуде Данияр Елеусінов мерзімінен бұрын 5-раундта аяқтап, жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Герман Лилмен өткізіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақта IBO титулын иеленген болатын. Осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

    Данияр Елеусінов Алматыдағы бокс кешінде жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.