Орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек алдында жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде Эрисланди Лара және Карлос Адамес секілді орта салмақтағы өзге чемпиондарды айқасқа шақырған болатын.
"Оның не ойлайтыны маған қызық емес. Оның менмендігі көзін соқыр қылып біткен, соны білемін. Сөзі көп әрі тәкаппар. Мені нокаутқа жіберетінін айтып жүр екен, жақсы, ендеше неге қабілетті екеніңді көрсет. Құбыжық екенсің, дәлелде. Бірақ ол сенің қолыңнан келетініне сенбеймін, керісінше, сенің көзіңді құртатыныма, жоқ қылып жіберетініме 150 миллион пайыз сенімдімін. Ол бізді ақымақ қылды, алдады. Сондықтан жымия қарап отыруым керек пе? Бұған дейін оны қысқа әрі тәтті соққы күтіп тұрса, енді ұзақ соққылар күтіп тұр, бар айырмашылық сол", - деді Андрей Михайлович Sporting News басылымына берген сұқбатында.
Сондай-ақ жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайловичтің (21-0, 13 КО) промоутері Джордж Роуз Аустралияда Жәнібек Әлімханұлын (15-0, 10 КО) үлкен қиындықтар күтіп тұрғанын мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович 4 қазанда Сиднейде (Австралия) кездесу өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2168257-qubyzhyq-ekensing-dalelde-zhanibek-alimhanulynyng-qarsylasy-zhekpe-zhek-aldynda-ses-korsetti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.