
Бокстан Қазақстанның әйелдер және ерлер командасы жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындықтарын пысықтап жатыр. Екі құрам да қазіргі таңда Алматы облысында жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері дайындықтың соңғы аптасына кірісіп кетті. Бұдан кейін боксшылар әлем чемпионатына дайындалмақ.
Жуық арада бокстан Қазақстанның жастар құрамасының бапкерлер штабы әлем біріншілігіне қатысатын спортшылардың есімін жария етеді.
Айта кетейік, жастар арасындағы биылғы әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығында Будвада (Черногория) өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2174951-qazaqstandyq-boksshylar-zhastar-arasyndagy-alem-chempionatyna-qyzu-daiyndalyp-zhatyr/