jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Тайсон Фьюри көз түйістіру рәсімінде украиналық боксшы Александр Усикті қытықтады (видео)

    Александр Усик пен Тайсон Фьюри
    Александр Усик пен Тайсон Фьюри. Фото: Andrew Redington/Getty Images

    Бокстан аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик пен Тайсон Фьюри жекпе-жек алдында көз түйістірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кеше, 23 қазанда Александр Усик пен Тайсон Фьюри желтоқсанға жоспарланған жекпе-жегі алдында Лондонда баспасөз мәслихатында жүздесті.

    Сұрақтарға жауап бергеннен кейін қарсыластар көз түйістіру рәсімін ұйымдастырды. Көз түйістіру рәсімі ешқандай ұрыс-керіссіз өтті, бірақ Фьюри соңында Усикті қытықтай бастады. Украиналық боксшы Александр Усик қарсыласының бұл әрекетін күлімсіреп, Фьюриден алшақтап кетті.

    Александр Усик бұл баспасөз мәслихатына "Хитман" бейнеойыны сериясындағы өлтіруші кейпінде шыққан.

    Айта кетейік, Александр Усик пен Тайсон Фьюри биыл 21 желтоқсанда кездесу өткізеді.

    Қос боксшы арасындағы алғашқы жекпе-жек мамыр айында өтті. Бұл кездесуде украиналық Александр Усик төрешілердің бірыңғай шешіммен жеңіске жетіп, аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды.

    Тайсон Фьюри көз түйістіру рәсімінде украиналық боксшы Александр Усикті қытықтады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.