jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы кездесуінде қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді (видео)

    Бек Нұрмағанбет
    Бек Нұрмағанбет. Фото: Sarah Stier/Getty Images

    Бүгін, 26 қазанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (13-0, 11 КО) АҚШ-та өткен жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бек Нұрмағанбет АҚШ-тың Сан-Хасинто қаласында (Калифорния штаты) өткен бокс кешінде сынға түсті. Оның қарсыласы мексикалық Хоакин Мурриета Лусио (13-4-3, 11 КО) болды.

    Кездесу сегіз раундқа жоспарланған еді, бірақ екінші раундта Бек Нұрмағанбет қарсыласын нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

    Айта кетейік, бұған дейін 15 қыркүйекте қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста (АҚШ) өткен бокс кешінде америкалық Джошуа Конлиге (17-7-1, 11 КО) қарсы кездесу өткізіп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен еді.

    Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы кездесуінде қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.