jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақ боксшылары World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатын сәтті бастады (видео)

    Асылхан Көшербай
    Асылхан Көшербай. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бүгін, 28 қазанда АҚШ-тың Колорадо штатында World Boxing қауымдастығы ұйымдастырып жатқан жастар арасындағы (U-19) әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар Ерасыл Аманғалиев пен Асылхан Көшербай алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ерасыл Аманғалиев 55 кг дейінгі салмақта 1/8 финалда чехиялық боксшы Ондржей Томашпен кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Енді Ерасыл Аманғалиев ширек финалда америкалық Эмануэль Чэнспен шеберлік байқасады.

    Асылхан Көшербай да өзінің алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. 65 кг дейінгі салмақта чехиялық Симон Стожкимен кездесіп, бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Асылхан Көшербайға берді. Келесі жекпе-жегін Асылхан Көшербай ширек финалда америкалық Месиа Нимомен өткізеді.

    Сондай-ақ бұл бәсекеде ел намысын тағы екі қазақстандық боксшы қорғайды. Олар: Диас Серікұлы (70 кг) және Даниял Райымбеков (85 кг).

    Айта кетейік, World Boxing ұйымдастыруымен алғаш рет өтетін 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты 26 қазан мен 2 қараша аралығында Пуэбло (Колорадо штаты, АҚШ) қаласында өтіп жатыр. Әлем чемпионатына 30 елден 180 боксшы бақ сынауда.

    Қазақ боксшылары World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатын сәтті бастады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.