jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    World Boxing әлем чемпионаты: екі қазақстандық боксшы жартылай финалда бақ сынайды

    Асылхан Көшербай
    Асылхан Көшербай. Скриншот: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстандық боксшы Асылхан Күшербай World Boxing ұйымы алғаш рет өткізіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Байрақты дода дәл қазір АҚШ-тың Колорадо штаты Пуэбло қаласында өтіп жатыр. Ширек финалдық бәсекеде қазақстандық боксшы Асылхан Көшербай (65 кг) америкалық Месайя Нимомен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Жартылай финалда қазақстандық боксшы Асылхан Көшербай Украина боксшысымен жұдырықтасады.

    Ал 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Ерасыл Аманғалиев америкалық Эммануэль Чэнсудан жеңіліп қалды.

    Сондай-ақ 70 кг дейінгі салмақта сынға түскен Диас Серікұлы да ширек финалдық бәсекеде жеңіліс тапқан болатын.

    Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан атынан екі боксшы өнер көрсетеді. Асылхан Көшербайдан бөлек, 85 кг салмақта Даниял Райымбеков жартылай финалдық бәсекеде бақ сынайды. Бұл салмақта тек төрт боксшы ғана тіркелгендіктен, ол бірден жартылай финалдан жарысқа қатысады.

    World Boxing әлем чемпионаты: екі қазақстандық боксшы жартылай финалда бақ сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.