jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан әлем чемпионаты: қазақстандық спортшылардың финалдағы қарсыластары анықталды

    Санжарәлі Бегалиев
    Санжарәлі Бегалиев. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстандық боксшылардың Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалындағы қарсыластары анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлем біріншілігінің финалында Қазақстан намысын 7 боксшы қорғайды. Оның төртеуі ұл, үшеуі қыз. Финалдық жекпе-жектер 2-3 қараша аралығында өтеді.

    Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары:

    • 51 кг: Бексұлтан Боранбек – Джастин Морено (Колумбия);
    • 67 кг: Төрехан Сабырхан – Давид Эспиноза Сантоя (Куба);
    • 71 кг: Өнер Сейілхан – Алексей Гуков (Ресей);
    • 75 кг: Санжарәлі Бегалиев – Джафарбек Шахбазов (Өзбекстан);
    • 50 кг: Елянұр Тұрғанова – Карла Пики (ХБА бейтарап спортшысы);
    • 66 кг: Ұлдана Таубай – Кайла Дойл Бирн (Ирландия);
    • 81 кг: Аружан Зейноллаева – Рухшона Папиева (Өзбекстан).

    Айта кетейік, Будва бәсекесінің жартылай финалында Қазақстан құрамасы сапынан 17 спортшы (8 ер, 9 әйел) сынға түсті. Оның ішінде 10 боксшы жеңіліске ұшырап, қола жүлде еншіледі.

    Жарыстың жалпы жүлде қоры – 500 000 АҚШ доллары. Жеңімпаздарға 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 доллар, қола жүлдегерлерге 2000 доллар, ширек финалистерге 1000 доллар сыйақы беріледі.

    Бокстан әлем чемпионаты: қазақстандық спортшылардың финалдағы қарсыластары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.