jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жек туралы ортақ шешімге келе алмай жатыр

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы
    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

    WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен WBO тұжырымы бойынша міндетті үміткер британиялық Хамза Шираз (21-0, 17 KO) арасындағы жекпе-жек туралы келіссөздер нәтиже бермеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ vRinge.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    WBO қос тарапқа уақыт беріп, жекпе-жектің күні мен өтетін орнын анықтауды өткен айда тапсырған болатын.

    Екі тараптың менеджерлері жекпе-жектің өтетін күні мен орнын, гонорардың көлемін 4 қарашаға дейін келісуі тиіс болған. Егер келісе алмаса промоутерлік бәссауда ұйымдастырылып, ақшаны көп ұсынған тарап өз шарттарын қояды.

    Әзірге жекпе-жекті ұйымдастыруда промоутерлік саудаға жүгінудің қажеті болмайды. Боксшылардың өкілдері, атап айтқанда Top Rank (Әлімханұлы) пен Queensberry Promotions (Шираз) промоутерлік компаниялары келіссөздерді жалғастыруға келісімдерін берді. Осыған байланысты WBO ұйымының жаңа президенті Густаво Оливьери екі тарапқа келіссөз мерзімін 11 қарашаға дейін ұзарту туралы ресми өтініш жіберуді ұсынды. Бұған дейінгі мерзім 23 қазан болған. Ол кезде де қос тарап мәмілеге келе алмаған еді.

    Еске салайық, 4 қазанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.

    Хамза Шираз 21 қыркүйекте Тайлер Денниді 2 раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді.

    Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жек туралы ортақ шешімге келе алмай жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.