jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды қазақстандықтар қалай күтіп алды (фото)

    Боксшыларды күтіп алу сәті. Фото
    Боксшыларды күтіп алу сәті. Фото: KAZ.NUR.KZ / Асылан Маханов

    Жастар арасында Черногорияда және АҚШ-та өткен екі бірдей әлем чемпионатында жүлде еншілеген қазақстандық боксшылар бүгін, 5 қарашада елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Стамбұлдан бет алған боксшылар мінген ұшақ таңғы 05:00 шамасында Алматыға қонды. Спортшыларды қарсы алу үшін таңмен таласа тұрып, әуежайға жиналғандардың қарасы қалың болды. Олардың арасында боксшылардың жақындары, БАҚ өкілдері, спорт жанкүйерлері, сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясы президенті Шахмұрат Мүтәліп те бар.

    Боксшыларды күтіп алу сәті. Фото
    Боксшыларды күтіп алу сәті. Фото: KAZ.NUR.KZ/ Асылан Маханов

    Гүл шоғы мен плакаттар ұстаған жұрт патриоттық әндер айтып, боксшыларды ерекше қошеметпен күтіп алды. Жастар құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан бастаған спортшылар елге орала сала көпшіліктің құрметіне бөленді.

    Елге оралған боксшылар
    Елге оралған боксшылар. Фото: KAZ.NUR.KZ/ Асылан Маханов

    Қазақстан құрамасымен бірге Черногориядағы әлем біріншілігіне барып келген Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов боксшылардың жетістігі туралы айтты.

    "Бұл әлем чемпионаты оңай болған жоқ. Қарсыластарымыз Өзбекстан, Ресей, Қытай сияқты құрамалар болды. Бірақ біздің жігіттер мен қыздар жарады. Медальдарды құлқыннан жұлып алып, 6 боксшымыз әлем чемпионы атанды. Бұл бұрын-соңды болмаған тарих", - деді Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов.

    Боксшы Аружан Зейноллаева
    Боксшы Аружан Зейноллаева. Фото: KAZ.NUR.KZ/ Асылан Маханов

    Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке жеткен еді. Бұл жарыста қазақстандық боксшылар 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ құрама капитаны Төрехан Сабырхан үздік боксшы атанды.

    Төрехан Сабырхан (ортада)
    Төрехан Сабырхан (ортада). Фото: KAZ.NUR.KZ/ Асылан Маханов

    Ал жаңадан құрылған World Boxing федерациясы ұйымдастырған алғашқы әлем чемпионатынан да қазақстандық боксшылар жүлдесіз қайтқан жоқ. АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткен бәсекеден Асылхан Көшербай мен Даниял Райымбеков күміс медальмен оралды.

    Боксшы Даниял Райымбеков
    Боксшы Даниял Райымбеков. Фото: KAZ.NUR.KZ/ Асылан Маханов

    Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды қазақстандықтар қалай күтіп алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.