Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұнымен тоқтамаймыз": әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырхан ендігі жоспарын айтты

Жарияланған күні:

Төрехан Сабырхан (ортада)
Төрехан Сабырхан (ортада). Фото: KAZ.NUR.KZ/ Асылан Маханов

Жастар арасында әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан ендігі жоспарын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 5 қарашада бокстан әлем чемпионатында топ жарған Қазақстан жастар құрамасы елге оралды. Құрама капитаны Төрехан Сабырхан жанкүйер болған және қарсы алуға келген жандарға алғыс білдіріп, алдағы жоспар туралы айтты.

"Әлем чемпионаты өте керемет, жоғары деңгейде өтті. Аллаға шүкір, әлем чемпионы атандық. Біз мұнымен тоқтамаймыз, ересектер сапына қадам басып жатырмыз. Енді ересектер арасында да дәл осылай әлем чемпионы болуға бар жігерімізді саламыз", - деді Төрехан.

Еске салайық, Төрехан Сабырхан Будвада (Черногория) өткен әлем біріншілігінің финалында кубалық Давид Эспиноcа Сантояны жеңіп, 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншілеген еді. 18 жастағы Төрехан – жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы тұңғыш боксшы.

Будвадағы біріншілікте Қазақстан жастар құрамасы тарихи нәтижеге жеткен болатын. Команда алғаш рет әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға ие болды. Қазақстандық боксшылар 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медальмен оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2182994-munymen-toqtamaimyz-alem-chempiony-atangan-torehan-sabyrhan-endigi-zhosparyn-aitty/