Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионымен қолғап түйістіруге дайын екенін жеткізді
Опубликовано:
IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері доминикандық Карлос Адамеспен кездесуге дайын екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері доминикандық Карлос Адамеске жекпе-жек келісімшартын тезірек жіберуге шақырды.
"Барлығы біледі, егер Адамес маған келісімшартын жіберсе, мен оған бүгін-ақ қол қоямын", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлының промоутерлері WBO бастамасымен британиялық боксшы Хамза Ширазбен кездесу бойынша келіссөздер жүргізуде. WBO қос тарапқа уақыт беріп, жекпе-жектің күні мен өтетін орнын анықтауды өткен айда тапсырған болатын.
Еске салайық, 4 қазанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2183270-zhanibek-alimhanuly-wbc-chempionymen-qolgap-tuiistiruge-daiyn-ekenin-zhetkizdi/