jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Әлі жеңілмеген қазақ боксшысы Сұлтан Заурбек рингке қашан оралатыны белгілі болды

    Сұлтан Заурбек
    Сұлтан Заурбек. Фото: Steve Welsh/PA Images via Getty Images

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбектің келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды. Екінші жартылай жеңіл салмақта сынға түсіп жүрген боксшының бұл жекпе-жегі туралы ақпаратты KAZ.NUR.KZ BoxRec.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазақ королі" лақапатымен танымал боксшы Сұлтан Заурбек (18-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 7 желтоқсанда Ирландияның Уотерфорд қаласында өткізеді. Оның қарсыласы польшалық боксшы Дамиан Вжесинский (28-3-2, 7 КО) болмақ.

    Дамиан Вжесинский кәсіби мансабында 28 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңіліс тапқан және екі рет тең түскен.

    Еске сала кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек соңғы рет 21 маусымда Ұлыбританияның Болтон қаласында жекпе-жек өткізген болатын. Бұл жекпе-жекте екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA Continental аймақтық чемпиондық белбеуі сарапқа салынып, отандасымыз Сұлтан Заурбек аргентиналық Роман Рубенс Рейносоны жеңген.

    Әлі жеңілмеген қазақ боксшысы Сұлтан Заурбек рингке қашан оралатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.