jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    58 жастағы Майк Тайсон блогермен жекпе-жегінде қанша табыс тапты

    Майк Тайсон мен Джейк Пол
    Майк Тайсон мен Джейк Пол. Фото: Al Bello/Getty Images for Netflix

    Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсонның блогер Джейк Полға қарсы жекпе-жектен қанша табыс тапқаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Mirror US басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, Майк Тайсон бұл жекпе-жектен 20 миллион АҚШ долларын (9 миллиард 972 миллион теңге) иеленген. Ал оның қарсыласы Джейк Пол екі есе – 40 миллион АҚШ долларын (19 миллиард 944 миллион теңге) қанжығасына байлаған.

    Сондай-ақ Netflix платформасының тікелей көрсетілімі арқылы түскен бонустар да Майк Тайсон мен Джейк Пол қосымша қаражат еншілейді

    Естеріңізге сала кетейік, Майк Тайсон Арлингтонда (АҚШ) өткен бокс кешінде отандасы, блогер әрі кәсіпқой былғары қолғап шебері Джейк Полмен жұдырықтасты. Сегіз раундқа созылған кездесуде Пол төрешілердің шешімімен (80-72, 79-73, 79-73) жеңіске жетті.

    Сондай-ақ Майк Тайсон 2005 жылдан бері алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізіп, жеңіліске ұшырады.

    58 жастағы Майк Тайсон блогермен жекпе-жегінде қанша табыс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.