jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Бивол мен Бетербиев арасындағы реванш қашан болады: танымал промоутер болжам жасады

    Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол
    Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы, Дмитрий Биволдың промоутері Эдди Хирн боксшының жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиевпен реванш өткізудің болжамды мерзіміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Vringe.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирннің айтуынша, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек 2025 жылдың 22 ақпанында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтуі мүмкін.

    Сондай-ақ Эдди Хирн қос боксшы арасындағы реваншты көргісі келетінін мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесін Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы алғашқы кездесудің өте тартысты әрі тең дәрежеде өткендігімен түсіндірді.

    Еске салайық, 13 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізген еді. 12 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілердің бірыңғай шешімімен (114:114, 115:113, 116:112) жеңіске жетті.

    Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Дмитрий Бивол реванш өткізуге дайын екенін айтқан болатын.

    Бивол мен Бетербиев арасындағы реванш қашан болады: танымал промоутер болжам жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.