jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бар күшімізді саламыз": бокстан ұлттық құрама капитаны Азия чемпионаты алдында мәлімдеме жасады

    Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай
    Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай. Фото: gov.kz

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай алдағы Азия чемпионаты туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мен бұған дейін жасөспірімдер, жастар құрамасында капитан болдым. Әрине, жауапкершілікті сезінемін. Азия чемпионатына дайындық жақсы өтті. Меніңше, Куба және Ресей боксшыларымен спарринг бізге пайдасын тигізді. Таиландта жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз. Қарсыластарымыз кім екеніне қарамастан, алтын медаль жеңіп алуға тырысамыз", - деді Айбек Оралбай.

    Айта кетейік, Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чианг Май қаласында өтеді. Құрлық додасына Қазақстан ерлер құрамасы 13 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Бұл жарыста ел намысын қорғайтындардың қатарында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай жоқ. Оның себебін ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов түсіндірген еді.

    Таиландтағы Азия біріншілігінің жеңімпаздарына Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 және қола жүлдегерлерге 2000 доллар беріледі. Ал ширек финалистер 1000 доллардан алады.

    "Бар күшімізді саламыз": бокстан ұлттық құрама капитаны Азия чемпионаты алдында мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.