jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрбек Оралбай Азия чемпионатына неге қатыспайды: бас бапкер жауап берді

    Нұрбек Оралбай
    Нұрбек Оралбай. Фото: olympic.kz

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Таиландта өтетін Азия чемпионатына неге Нұрбек Оралбай қатыспайтынын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кеше, 21 қарашада бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы жасақталған болатын.

    Сондай-ақ ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбайдың бұл жарысқа қатыспайтынын айтты.

    "80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатында Ерасыл Жақпеков бақ сынайды. Бұл салмақтағы бірінші нөмірлі боксшы Нұрбек Оралбайды жарақатына байланысты екі оқу-жаттығу жиынынан босаттық. Қазіргі уақытта мұрнын емдеп жатыр", - деді бас бапкер Қайрат Сәтжанов.

    Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чианг Мэй қаласында өтеді.

    Бұған дейін Азия чемпионатында күш сынайтын бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болған еді.

    Нұрбек Оралбай Азия чемпионатына неге қатыспайды: бас бапкер жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.