jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Сәтжанов екі дүркін Олимпиада чемпионына шапан жауып, құрмет көрсетті (видео)

    Хулио Сезар Ла Крус
    Хулио Сезар Ла Крус. Скриншот: instagram.com/sportilinet

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жетекшілері әйгілі кубалық боксшы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Хулио Сезар Ла Крусқа шапан жауып, құрмет көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасы Азия чемпионатына дайындық аясында Астанада екі апта бойы оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Бұл жиынға Куба, Ресей және Грекия құрамалары шақырылды.

    Куба құрамасының қатарында 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы мен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы Хулио Сезар Ла Крус та болды.

    Оқу-жаттығу жиынының соңында ұлттық құрама жетекшілері кубалық боксшы Хулио Сезар Ла Крусқа шапан жауып, құрмет көрсетті.

    Айта кетейік, Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чианг Май қаласында өтеді. Құрлық додасына Қазақстан ерлер құрамасы 13 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

    Қайрат Сәтжанов екі дүркін Олимпиада чемпионына шапан жауып, құрмет көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.