jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ боксшыларының Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды

    Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов
    Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов. Фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images

    Бүгін, 29 қарашада Таиландтағы Азия чемпионатының жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Таиландтың Чианг Май қаласындағы Азия біріншілігінде Қазақстан ерлер құрамасы барлық 13 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

    Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы спортшыларының алғашқы қарсыластары:

    • 48 кг. Санжар Тәшкенбай – Анваржан Ходжиев (Қырғызстан) – Мехрон Шафиев (Тәжікстан) жекпе-жегінің жеңімпазы;
    • 51 кг. Сәкен Бибосынов – Асылбек Джалилов (Өзбекстан) – Даваадорж Лхагвадорж (Моңғолия) жекпе-жегінің жеңімпазы;
    • 54 кг. Махмұд Сабырхан – Ян Лин Лей (Тайбэй);
    • 57 кг. Оразбек Асылқұлов – Мохаммад Зулхейлейн (Малайзия);
    • 60 кг. Бейбарыс Жексен – Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан);
    • 63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Сомчай Вонгсуван (Таиланд);
    • 67 кг. Дулат Бекбауов – Джиа-Джун Чиуан Ванг (Тайбэй);
    • 71 кг. Абылайхан Жүсіпов – Лин Ча Син (Тайбэй) – Байрамдурды Нурмухаммедов (Түркменстан) жекпе-жегінің жеңімпазы;
    • 75 кг. Диас Молжігітов –Сунага Дайго (Жапония);
    • 80 кг. Ерасыл Жақпеков – Сағын Сатыбалдыұлы (Қырғызстан);
    • 86 кг. Бекзат Нұрдәулетов – Данило Жасан (Украина);
    • 92 кг. Сағындық Тоғамбай – Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан);
    • +92 кг. Айбек Оралбай – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).

    Еске салайық, бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай алдағы Азия чемпионаты туралы айтқан еді.

    Қазақ боксшыларының Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.