Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындарының қола жүлдесі қазақ боксшысына қайтарыла ма: ҰОК ресми мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Ертуған Зейнуллин
Ертуған Зейнуллин. Фото: instagram.com/ertugan_zeinulinov

Бірер күн бұрын қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллин 2022 жылғы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін алады деген жаңалық ақпарат құралдарында тараған болатын. Алайда Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҰОК) бұл ақпараттың ресми емес екенін мәлімдеді, деп KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарында Ханчжоуда өткен Азия ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ертуған Зейнуллиновқа қола медаль беріледі деген ақпарат тарады. Бұл шешім 1/4 финалында біздің боксшыдан басым түскен Моңғолия спортшысы Чинзориг Баатарсухтың дисквалификациясына байланысты қабылданды деп айтылды.

Алайда, Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҰОК) бұл ақпараттың ресми емес екенін мәлімдейді.

Чинзориг Баатарсухтың дисквалификациясы туралы ақпарат International Testing Agency ресми сайтында жарияланған. Моңғол боксшысы 2023 жылдың 4 қазанындағы допинг-сынамасында тыйым салынған заттардың анықталуына байланысты спорттан төрт жылға шеттетілген. Айта кетейік, Зейнуллинов пен Баатарсух арасындағы ширек финалдық жекпе-жек 1 қазанда өтті.

Сонымен қатар, Баатарсухтың бұл шешімге қатысты спорттық арбитраждық сотқа (CAS) 21 күннің ішінде шағымдануға құқығы бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ҰОК Азия Олимпиадалық Кеңесіне (ОАК) 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі медальдарды қайта бөлу мәселесі бойынша сұрау жолдады. Бұл салмақта моңғолиялық спортшы алтын медаль иеленген еді.

Бүгінде Азия Олимпиадалық кеңестің халықаралық нормалары мен регламенттерге сәйкес бокстан медальдарды қайта бөлу тәжірибесінің қолданылуына қатысты ресми хат күтілуде. Атап айтсақ, осы спорт түріндегі медаль жеңіп алған спортшылар тізіміне өзгеріс енгізу мүмкіндігі туралы және Ертуған Зейнуллиновқа Азия ойындарының қола жүлдесін беру ықтималдығы туралы өкілетті орган түсініктеме беруі тиіс.

Қазіргі уақытта медальдарды қайта бөлу туралы ресми шешім қабылданбағандықтан, бұл мәселеге қатысты кез келген ақпаратты расталмаған деп санауға болады.

Айта кетейік, 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында бокстан 63,5 кг дейінгі салмақ дәрежесінде моңғолиялық Чинзориг Баатарсухий финалда тайбэйлік Лай Чжуэньді жеңген болатын. Ал бұл салмақ бойынша қола медальді Ирак боксшысы Әли Қасым Хамдан әл-Саррай мен Таиланд спортшысы Бунджонг Синсири иеленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2194347-aziia-oiyndarynyng-qola-zhuldesi-qazaq-boksshysyna-qaitaryla-ma-uok-resmi-malimdeme-zhasady/