Спорт

Зектілері

Ресми: Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы реванштың өтетін күні белгілі болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол
Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол. Фото: Richard Pelham/Getty Images

Жартылай ауыр салмақтағы абсолютті чемпион Артур Бетербиев пен WBA белбеуінің бұрынғы иегері Дмитрий Бивол арасындағы реванштың өтетін күні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Matchroomboxing сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы реванш 2025 жылдың 22 ақпанында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді.

Жекпе-жекке жартылай ауыр салмақтағы Артур Бетербиевтің барлық чемпиондық белбеулері (WBA, WBO, WBC, IBF және The Ring) сарапқа салынады.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізген болатын. 12 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілердің бірыңғай шешімімен (114:114, 115:113, 116:112) жеңіске жетті.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар бұл бокс кешінде күш сынасатын былғары қолғап шеберлерінің толық тізімін жариялады. Айта кететін жайт – бұл кештегі барлық жекпе-жекте чемпиондық белбеулер сарапқа салынады.

Америкалық кәсіпқой боксшы Шакур Стивенсон жеңіл салмақтағы WBC чемпиондық титулын қорғау үшін шаршы алаңға қайта оралады. Оның қарсыласы – өз отандасы Флойд Скофилд болмақ.

Ал орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес британиялық Хамза Ширазға қарсы кездесу өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2195412-resmi-artur-beterbiev-pen-dmitrii-bivol-arasyndagy-revanshtyng-otetin-kuni-belgili-boldy/