jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Жатқан жерің жайлы болсын" белбеуі: Данияр Елеусінов WBC чемпионына сес көрсетті

    Данияр Елеусінов
    Данияр Елеусінов. Фото: Stephen McCarthy / Sportsfile via Getty Images

    2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) өзінің келесі қарсыласы ретінде WBC чемпионы америкалық Марио Барриосты (27-2, 18 КО) атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ боксшының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық боксшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында Барриосты жекпе-жекке шақырып, чемпиондық титул үшін бақ сынауға дайын екенін айтты. Данияр Елеусіновтың сөзінше, бұл жекпе-жек оның мансабындағы маңызды кездесу болмақ.

    "Екі апта бұрын мен сені жекпе-жекке шақырдым. Бірақ сен әлі де үнсіз отырсың. Қайдасың? Менен жасырынба. Соңғы жекпе-жегімде мен WBC Peace белбеуін жеңіп алдым. Ал менімен кездескеннен кейін сен "Жатқан жерің жайлы болсын" белбеуін аласың, ал мен сенің WBC Әлем чемпионы белбеуіңді тартып аламын", - деп жазды Данияр Елеусінов.

    Айта кетейік, америкалық Марио Барриос WBC белбеуін қазан айында жеңіп алып, оны қорғау үшін қарсылас іздеп жатыр. 

    "Жатқан жерің жайлы болсын" белбеуі: Данияр Елеусінов WBC чемпионына сес көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.