jitsu gif
Спорт

    Тағы бір қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

    Қазақстандық боксшы Виктория Графеева
    Қазақстандық боксшы Виктория Графеева. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Виктория Графеева Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Виктория Графееваның ширек финалдағы қарсыласы тайбэйлік Е Чен-Сюань болды. 60 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын үш мәрте нокдаунға түсіріп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

    Бүгін, 5 желтоқсанда Қазақстан әйелдер құрамасынан тағы 2 боксшы жартылай финалға шыққан еді. Жазира Орақбаева тайбэйлік Луо Ю-Тинді мерзімінен бұрын бірінші раундта жеңсе, Ұлжан Сәрсенбек вьетнамдық Нгуен Хуен Чанды нокдаунмен ұтты.

    Қазақстан ерлер құрамасынан да бүгін үш боксшы ширек финалдық жекпе-жек өткізді. Оразбек Асылқұлов таиландтық Пануват Чожан-Атты жеңіп, жартылай финалға өтті. Ал Бейбарыс Жексен тәжікстандық Акмал Убайдовқа есе жіберіп, жарысты аяқтады. Сонымен бірге Ерасыл Жақпеков қырғызстандық Сағын Сатыбалдыұлынан басым түсіп, келесі айналымға шықты.

    Тағы бір қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.