jitsu gif
Спорт

    Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті

    Ұлжан Сәрсенбек
    Ұлжан Сәрсенбек. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Қазақстандық боксшылар Жазира Орақбаева мен Ұлжан Сәрсенбек Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 7 желтоқсанда Қазақстан әйелдер құрамасының боксшылары Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалында бақ сынап жатыр.

    52 кг салмақ дәрежесінде Жазира Орақбаева Өзбекстан өкілі Феруза Казаковамен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша қола жүлдені қанжығалады.

    Ал 57 кг cалмақта жастар арасындағы әлем чемпионы Ұлжан Сәрсенбек ринг қожайыны Пунрави Руенроспен жолығып, 0:5 есебімен жол берді. 19 жастағы Ұлжан бойы мен қолы ұзын қарсыластың қорғанысын бұзуға ұмтылғанымен, қарсы амал таба алмады.

    Еске салайық, осыған дейін бес балалы ана Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған еді. Ол жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Феруза Казаковамен жұдырықтасып, 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

    Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.