
Қазақстан құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сағындық Тоғамбай 92 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда жекпе-жек өткізді. Оның қарсыласы қытайлық Таймиао Лю болды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.
Бұған дейін Сағындық Тоғамбай Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовпен ширек финалда кезедскен. Үш раундқа созылған тартысты бәсекеде Сағындық 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай – Азия чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері. Ал Мадияр Саидрахимов – әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ дүниежүзілік әскери ойындардың жеңімпазы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2197656-sagyndyq-togambai-aziia-chempionatynyng-finalyna-zholdama-aldy/