jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Айбек Оралбай өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты

    Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай
    Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай. Фото: gov.kz

    Қазақстан құрамасының боксшысы Айбек Оралбай Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    +92 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Оралбай жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Закировпен кездесу өткізді. Нәтижесінде Айбек Оралбай өзбек боксшысын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    Айбек Оралбай 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Сондай-ақ Қазақстан ерлер құрамасынан 8 боксшы Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Олар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов, Дулат Бекбауов, Абылайхан Жүсіпов, Диас Молжігітов, Сағындық Тоғамбай, Бекзат Нұрдәулетов алтын жүлдеге таласады.

    Айта кетейік, Таиландтың Чиангмай қаалсында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық бәсекелері 11 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған.

    Айбек Оралбай өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.