jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов жартылай финалда тәжік боксшысын жеңді

    Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов
    Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Таиландтағы Азия чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    67 кг салмақ дәрежесінде сынға түсетін Дулат Бекбауов жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Шукрат Саломатовпен кездесті. Бұл жекпе-жекте қазақ боксшысы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті (5:0).

    Айта кетейік, Дулат Бекбауов Азия чемпионатының 1/8 финалында тайбэйлік Джиа-Джун Чиуан Вангтан басым түскен еді. Кейін ширек финалда малайзиялық Арифф Айман Мухаммадты мерзімінен бұрын жеңді.

    Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасынан 3 боксшы Азия біріншілігінің финалына жолдама алды. Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов алтын жүлдеге таласады.

    Бокстан Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов жартылай финалда тәжік боксшысын жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.