jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бүгін бес қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалында сынға түседі

    Гүлсая Ержан
    Гүлсая Ержан. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Бүгін, 10 желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласындағы Азия чемпионатында әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер болады. Қазақстан намысын бес боксшы қорғайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әйелдер арасындағы финалдық бәсекелер Қазақстан уақытымен сағат 12:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Азия бокс конфедерациясының Youtube-тегі арнасынан көруге болады.

    Азия чемпионатының финалына Қазақстан әйелдер құрамасынан бес боксшы жолдама алған еді. Олардың ақтық сындағы қарсыластары:

    • 60 кг. Виктория Графеева – Цян Ли (Қытай);
    • 63 кг. Аида Әбікеева – Лин Ха (Вьетнам);
    • 70 кг. Наталья Богданова – Байсон Маникон (Таиланд);
    • 81 кг. Гүлсая Ержан – Карине Айрапетян (Украина);
    • +81 кг. Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан).

    Ертең, 11 желтоқсанда ерлер арасында финал өтеді. Қазақстан құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Бекзад Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (92 кг) алтын жүлдеге таласады.

    Бүгін бес қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалында сынға түседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.