jitsu gif
Спорт

    Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір күміс жүлде түсті

    Диас Молжігітов
    Диас Молжігітов. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Қазақстандық боксшы Диас Молжігітов Таиландтағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    75 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Диас Молжітов өзбек боксшысы Джавахир Умматалиевпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақ боксшысы қарсыласынан төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды.

    Қазір Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Азия чемпионатының 1 алтын, 5 күміс, 1 қола медалі бар. Махмұд Сабырхан (54) чемпион атанса, Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс және жартылай финалда жеңілген Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола жүлде еншіледі.

    Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір күміс жүлде түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.