jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Cағындық Тоғамбай қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Азия чемпионы атанды

    Боксшы Сағындық Тоғамбай
    Боксшы Сағындық Тоғамбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақ боксшысы 92 кг салмақ дәрежесіндегі финалда тәжікстандық Парвиз Каримовпен кездесті. Бұл бәсекеде Сағындық қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай – 2022 жылғы Азия чемпионаты мен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Сонымен қатар, ол үш рет жастар арасында Азия чемпионы атанған.

    Қазір Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Азия чемпионатының 3 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлдесі бар. Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Cағындық Тоғамбай (92 кг) чемпион атанса, Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс және жартылай финалда жеңілген Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медаль иеленді.

    Cағындық Тоғамбай қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.