jitsu gif
Спорт

    Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

    Садриддин Ахмедов
    Садриддин Ахмедов. Фото: olympic.kz

    Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов (15-0, 12 KO) кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ол АҚШ-тың Санта-Инез қаласында өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде америкалық боксшы Рафаэль Игбоквемен (17-6, 7 КО) жұдырықтасты. Турнирді Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ұйымдастырған болатын.

    Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Бірақ 7-раундта қазақ бокшысының мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.  

    Еске салайық, Садриддин Ахмедов ұзақ үзілістен кейін кәсіпқой боксқа оралып, мансабын АҚШ-та жалғастырды. Бұл – оның Америкадағы екінші жекпе-жегі. Бұған дейін қазақ боксшысы Канадада өнер көрсеткен. Ахмедовті жекпе-жекке Генадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес дайындады.

    32-жастағы Игбокве 2021 жылы украиналық Сергей Богачуктен жеңілген. Одан кейін өзбек боксшысы Исраил Мадримовтан ұтылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.