jitsu gif
Спорт

    Бокс тарихында тұңғыш рет чемпиондық жекпе-жекке жасанды интеллект төрелік етеді

    Александр Усик пен Тайсон Фьюри
    Александр Усик пен Тайсон Фьюри. Фото: Andrew Redington/Getty Images

    Аса ауыр салмақтағы украиналық Александр Усик пен америкалық Тайсон Фьюри арасындағы жекпе-жекке тұңғыш рет жасанды интеллект төрелік етеді. Бұл туралы Сауд Арабиясының ойын-сауық істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейх Х желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    21 желтоқсанДА Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында WBC, WBO және IBO нұсқалары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик пен британиялық Тайсон Фьюри арасындағы екінші жекпе-жек өтеді.

    Сауд Арабиясының ойын-сауық істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейх әлемдік бокс қауымдастығын ерекше идеяларымен таңғалдырып келеді. Солардың бірін ол алдағы Усик пен Фьюри жекпе-жегінде сынақтан өткізбек.

    "Тарихта тұңғыш рет жекпе-жекке жасанды интеллект төрелік етеді. The Ring ұсынатын бұл жаңашылдық адам қатесінен және субъективтіліктен азат төреші ретінде есептеледі. Бұл тәжірибе ресми нәтижеге әсер етпейді, бірақ ғасырдың ең ірі жекпе-жегі – Усик пен Фьюри жекпе-жегі кезінде алғаш рет тәжірибе ретінде жүзеге асады", - деп жазды Турки әл аш-Шейх.

    Айта кетейік, Усик пен Фьюри арасындағы алғашқы жекпе-жек осы жылдың 18 мамырында Эр-Риядта өткен болатын. Сол кезде украиналық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.

    Бокс тарихында тұңғыш рет чемпиондық жекпе-жекке жасанды интеллект төрелік етеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.