jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бокстан ел біріншілігінің финалында ағайындылар бір-бірімен жұдырықтасады

    Нұрлан Сапарбай
    Нұрлан Сапарбай. Фото: Атырау бокс федерациясы

    Бокстан Қазақстан чемпионатының финалында ағайынды Нұрлан Сапарбай мен Даниял Сапарбай кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 23 желтоқсанда Қарағандыда өтіп жатқан бокстан ел біріншілігінің жартылай финалдық бәсекелері аяқталды. Нәтижесінде финалдық кезеңде жұдырықтасатын боксшылардың есімдері белгілі болды.

    +92 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен ағайындылар Нұрлан Сапарбай мен Даниял Сапарбай финалдық бәсекеге жолдама алды.

    Жартылай финалда 27 жастағы Нұрлан Сапарбай қарсыласы Нұрасыл Асылханды жеңсе, Даниял Сапарбай Аманат Сабырғалиден басым түсті. Енді ағайынды боксшылар бір-бірімен финалдық жекпе-жекте жұдырықтасады.

    Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекелері ертең, 24 желтоқсанда өтеді.

    Бокстан ел біріншілігінің финалында ағайындылар бір-бірімен жұдырықтасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.