jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ересектер арасындағы ел біріншілігіне алғаш рет қатысқан Төрехан Сабырхан чемпион атанды

    Боксшы Төрехан Сабырхан
    Боксшы Төрехан Сабырхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Төрехан Сабырхан финалдағы қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты бокстан Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    67 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Төрехан Сабырхан финалда Маңғыстау облысының спортшысы Санатәлі Төлтаевпен кездесуі керек болған. Бірақ қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты Түркістан облысының боксшысы Төрехан Сабырхан Қазақстан чемпионы атанды.

    Бұл чемпионат – Төрехан Сабырханның ересектер арасындағы алғашқы бәсекесі.

    Айта кетейік, Төрехан Сабырхан биыл Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінің финалында кубалық Давид Эспиноcа Сантояны жеңіп, 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген еді. Сондай-ақ ол турнирдің үздік боксшысы атанды.

    Ересектер арасындағы ел біріншілігіне алғаш рет қатысқан Төрехан Сабырхан чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.