jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлы үшінші чемпиондық белбеу туралы маңызды мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жектерін қашан өткізетіні туралы жоспарларын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ боксшының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Орта салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшы 2025 жылдың көктемінде жұдырықтасуды жоспарлап отырғанын жазды.

    "Көктемде чемпиондық белбеулерімді қорғаймын деп ойлаймын, содан кейін Хамза Шираз – Карлос Адамес жекпе-жегінің жеңімпазымен жекпе-жек өткіземін! Иншаллах, менде үш чемпиондық белбеу болады", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

    Жәнібек Әлімханұлы мен WBO титулына міндетті үміткер болған британиялық Хамза Шираз арасында жекпе-жек өтеді деп жоспарланған еді. Тіпті WBO бұл жекпе-жекке арналған бәссауданы да жариялады. Алайда Хамза Шираздың командасы жекпе-жектен бас тартты. Британиялық боксшы 22 ақпанда WBC титулы үшін Карлос Адамеспен жұдырықтасатын болды.

    Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы 4 қазанда Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, нокаутпен жеңген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram