jitsu gif
Спорт

    ММА файтері Жұман Жұмабеков Алматыдағы бокс кешінде ресейлік спортшыдан жеңіліп қалды

    Жұман Жұмабеков
    Жұман Жұмабеков. Фото: naiza.tv

    Аралас жекпе-жек шебері Жұман Жұмабеков Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 27 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде All Stars Boxing промоутерлік компаниясының бокс кеші өтті.

    Қазақстандық спортшы Жұман Жұмабеков ресейлік Искандер Зияевке қарсы кездесу өткізді. 6 раундқа созылған жекпе-жекте Искандер Зияев төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Аталмыш кештің басты жекпе-жегінде "Қазақ терминаторы" лақапатымен танымал Мұратбек Қасымбай (13-4) мен көпшілік қауым "Перс" деп танитын Мохаммед Хейбати (5-5) бокс ережесі бойынша кездесу өткізеді.

    Айта кетейік, 30 қарашада Nomad Fighting Championship лигасы аясында Жұман Жұмабеков бразилиялық Веллингтон Перейраны төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    ММА файтері Жұман Жұмабеков Алматыдағы бокс кешінде ресейлік спортшыдан жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.