jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    4 миллион теңге: бокстан Азия чемпионатының жүлдегерлеріне сыйақы табысталды (видео)

    Марапаттау рәсімінен
    Марапаттау рәсімінен. Фото: instagram/boxingkazakhstan

    Қазақстан бокс федерациясы 2024 жылы өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының және жастар арасындағы әлем чемпионатының нәтижесі бойынша марапаттау рәсімін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Іс-шара барысында Азия чемпионаты мен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларға, олардың жеке бапкерлеріне, құрама жаттықтырушыларына және дәрігерлеріне ақшалай сыйақы табысталды.

    Спортшыларға қаржылай сыйақы Азия біріншілігі мен жастар арасындағы әлем чемпионатында алған орындарына қарай бөлініп берілді. Ал бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов пен әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 4 миллион теңгеге ие болды.

    Айта кетейік, Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған еді.

    Бұл Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг) жеңімпаз атанды. Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс медаль иеленсе Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медальді қанжығасына байлады.

    4 миллион теңге: бокстан Азия чемпионатының жүлдегерлеріне сыйақы табысталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.