Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің бокс ережелері бойынша өтетін кездесуінің уақыты белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ промоушеннің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қуат 2025 жылдың 28 ақпанында Астанада шаршы алаңға шығады. Бұл кездесу жоспарға сәйкес 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс еді, алайда айқас Хамитовтің жарақатына байланысты кейінгі шегерілді.
"Жылды керемет жаңалықпен аяқтап отырмыз. Қуат Хамитов пен Мариф Пираев 28 ақпанда Астанада бетпе-бет кездеседі", - делінген промоушеннің мәліметінде.
Айта кетейік, Хамитовтің ММА-дегі нәтижесі - 26-8-2, ал кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 1-0. ALL STARS BOXING компаниясы 27 желтоқсанда ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші қоғам тарапынан қатаң сынға ұшыраған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2207406-quat-hamitovting-kelesi-zhekpe-zhegining-uaqyty-belgili-boldy/